Қызылордада зорлықтың құрбаны болдым деген 16 жастағы жасөспірім босанды

Қызылордада зорлықтың құрбаны болдым деген 16 жастағы жасөспірім күдіктіден балалы болды. Шағымданушы 29 жастағы қала тұрғыны өзінің сыбайласымен бірге қызды көлігіне күштеп отырғызып алып кеткенін көрсеткен. Оны бір пәтерге алып барып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырған. Салдарынан қыз жүкті болып, бір ай бұрын босанған. Қазір аталмыш дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. Яғни, бірі-16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау дерегі бойынша іс тергеліп, жан-жақты сараланып, сотқа жолданған. Екінші қылмыстық іс бойынша қажетті кешенді тергеу және процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр дейді Полиция Департаменті. Бүгінде қос күдікті де қамауда.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Қылмыстық процеске қатысушылардың уәждері тексеріліп, дәлелдемелерді жинау және талдау жүзеге асырылуда. Тергеу органдары істің барлық мән-жайларын мұқият анықтап, зерделеуде. Толық және жан-жақты тергеу нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданатын болады. Іс Қызылорда облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында.