Павлодарда 33 жастағы ер адам танысын пышақтап тастады

Павлодарда 33 жастағы ер адам танысын пышақтап тастады. Сұмдық оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Дүкенге ішімдік алуға барған ер адам сол жерде бір әйелмен танысады. Артынша, оны үйіне ішімдік ішуге шақырған. Алайда, әйел оның пәтеріне барған соң, қайта кетіп қалмақ болады. Осы кезде ол әйелді жібермей қойған. Оған аяғына жығылып, жалбарынуын сұрайды. Ол аяғына жығылғанда әйелдің кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Жарақат алған әйел аурухандан бірақ шықты. Абырой болғанда аман қалды. Аталған істі қараған Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ер адамды 3 жарым жылға бас бостандығынан айырды.