Атырау облысында екі полицияны соққыға жыққан күдіктілер ұсталды.
Оқиға Мақат ауданында болған. Түн ішінде ішімдік ішіп отырған бір топ жігіт қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшыларын тепкілеп тастаған. Қазір күдікті 6 тұрғын ұсталып, уақытша қамауға алынды.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталып қамауға алынды. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.