Елордадағы жұртты дүрліктірген «оқ дауысы»: Тәртіп сақшылары мән-жайды түсіндірді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2026

Елордалықтарды түңгі ұйқысынан атыс қаруының дауысы оятты. Әлеуметтік желіде дәл осындай жазбадағы видео тарады. Куәгерлер оқ атылғанға ұқсас дыбыстар естілгенін айтып, түні бойы ұйықтай алмағандарын жеткізді.

Құзырлы орган өкілдері оқиғаға қатысты іс тіркелгенін мәлімдеді. Полицейлер жанжал басында болған барлық адамдарды анықтап, полиция бөліміне жеткізген. Жұртшылықты дүрліктірген шудың мән-жайы зерттеліп, қатысушылардың әрекетіне құқықтық сараптама жасалды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Оқиғаға қатысқан барлық азаматтардың жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқ атылғаны туралы дерек расталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, қатысушылар арасында жеке бас және қызғанышқа байланысты жанжал туындаған. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.