Алматыда енді полицейлер жүргізушілерді азаматтық киімде, арнайы белгісі жоқ көлікте бақылайды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2026

Алматыда жасырын патрульдеу енгізілді. Енді полиция қызметкерлері жолда азаматтық киімде, арнайы белгісі жоқ көліктермен бақылау жүргізеді. Олар «шахмат» әдісімен жүру, жолақты күрт ауыстыру, басқа көлікті қысып өту секілді қауіпті әрекеттерді тіркейді. Ақпаратты бірден жақын маңдағы экипаждарына жолдап, кейін олар жүргізушіні тоқтатып, жауапқа тартылады.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оның бірден бір мақсаты қаламыздағы жол қауіпсіздігін тұрақтандыру, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін реттеу және заңға бағынуларын қадағалау. Осы демалыс күндерде 28 осындай әрекетке төтеп берді полиция қызметкерлері. Айыппұл автоматтандырылған түрде келеді, яғни дәл сол жүрде айыппұл төлеудің қажеті жоқ.