Ақсуда тұрғын үйде шыққан өрттен 3 адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2026

Ақсуда тұрғын үйден шыққан өрттен 3 адам зардап шекті. 56 жастағы әйелдің денесінің 55 пайызы күйіп қалған. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 54 және 33 жастағы екі адамның жарақаты жеңіл. Олар дәрігер қарауынан кейін үйге жіберілді. Қызыл жалынан арасынан өрт сөндірушілер 10 литрлік газ балонын алып шыққан. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына газ құрылғыларынан шыққан ақау себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдай мамандары тілсіз жаудың себеп салдарынан анықтап жатыр.