Қазақтың төртінші ғарышкері кім болады?

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2026

Адамзаттың ғарышты бағындырғанына биыл 65 жыл. Осы уақыт ішінде аспан әлемін шарлаған қазақтың үш қыраны тарих бетіне есімдерін алтын әріппен жазды. Ғарышкер дайындап, оны көк жүзіне ғылыми зерттеулер жүргізуге аттандыру – оңай шаруа емес. Өйткені тек ғарыш станциясында ғана жүзеге асатын бірегей ғылыми тәжірибелер еліміздің технологиялық дамуына серпін береді. Ал мұндай жауапты миссияны кез келген адам атқара алмайды. Соңғы рет 11 жыл бұрын Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқан болатын. Төртінші қазақ ғарышкерін ұшыру үшін де қомақты қаржы мен тыңғылықты дайындық қажет, дейді ғалымдар.

МЕЙІРБЕК МОЛДАБЕКОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Ғарышкер болам деген адамның алдында 3 талап қойылады. Бірінші, оның денсаулығы мықты, зор болу керек. Ғарышқа ұшардағы ағзаға, денеге түсетін ауырлықтарға шыдайтын болу керек. Екіншіден, ғарышкер болам деген адамның техникалық білімі жоғары болуы керек. Өйткені, ғарыштық техника күрделі, озық. Оны білімі жоқ адам меңгере алмайды. Үшінші, өмірге қауңпті болғандықтан кандидат адам ержүрек, жүрегінің түгі бар адам болуы керек.