400-ге жуық қызылордалық таңмен таласа жүгіріп, ақшалай сыйлық алды

Қызылордалықтар таңмен таласа жүгіріп, ақшалай сыйлық ұтып алды. «BIALI MARATHON 2026»-ның жалпы жүлде қоры- 2 миллион теңге. Дәстүрлі іс-шараға 400-ге жуық адам қатысты. Оның қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен 75 жастағы қария да бар. Олар 5 және 10 шақырым қашықтықта ерлер және әйелдер санаты бойынша бақ сынады. Көпті сергітіп, ерекше әсер сыйлаған іс-шараны «AMANAT» партиясы облыстық филиалы «BIALI SPORT» серіктестігімен бірлесе өткізді. Марафон өңірде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді дейді ұйымдастырушылар. 

ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«AMANAT» партиясы салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақты тәрбиелеуде үлкен бастамаларды осылай бастап жатыр. Сонымен қатар «Кедергісіз келешек» деген жоба аясында біздің мүмкіндігі шектеуді  достарымыз да өздері бізбен бірге басынан бастап аяғына дейін жүгіріп өтті.