СІМ Түркияда қаза тапқан қазақстандықтың туыстарына көмек көрсетіп жатыр

Фото: bymuratdeniz/Getty Images

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда курьер болып жұмыс істеген қазақстандықтың қаза табуына байланысты мәлімдеме жасады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 наурыз күні Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында болған оқиға туралы министрлік хабардар.

"Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзырлы органдары тарапынан қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына тиісті көмек көрсетуде. Аталған мәселе бақылауда", – делінген ресми хабарламада.