Онкология: жаңа технологиялар пациенттердің бес жылдық өмір сүру деңгейін 65%-ға дейін арттырды

ашық дереккөз

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн ерте шақтан салауатты әдеттерді қалыптастырудың, аурулар профилактикасының және белсенді өмір салтының маңыздылығына арналған.

Қазақстанда онкологиялық көмектің инфрақұрылымын кеңейту пациенттердің 5 жылдық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Соңғы екі жылда 12 сызықтық үдеткішіске қосылып, 17 ПЭТ/КТ орталығы жұмыс істеуде. Сәулелік терапиямен қамту деңгейі 39%-дан 65%-ға дейін өсті.

Нәтижесінде пациенттердің 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 56%-дан 65%-ға дейін артты.

Қазақстанда профилактикалық медицина да қарқынды дамып келеді. Скринингтік бағдарламаларды кеңейту нәтижесінде онкологиялық аурулардың шамамен 80%-ы ерте кезеңде анықталады.

Ұлттық скрининг бағдарламасы жылсайын шамамен 3 миллион адамды қамтып, ауруларды ерте анықтауға және емдеудің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Онкоскринингтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізілді, бұл қосымша 300 мыңнан астам азаматты қамтуға мүмкіндік берді.

Жас шектеуі 76 жасқа дейін кеңейтіліп, жаңа тексерутүрлері, оның ішінде инсульт қаупін анықтауға арналған скрининг енгізілді.