Қазақстан - Орталық Азияда өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы

Коллаж: halyqline.kz

2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасының шеңберінде денсаулық мәдениетін қалыптастыру стратегиялық бағыт ретінде айқындалған.

Бұлтамақтану, дене белсенділігі, профилактика және сенімді ақпаратқа қолжетімділікті қамтитын жүйелі модельге көшуді білдіреді.

Қазақстан өңірде күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орынға шықты.

Бұл көрсеткіш тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары деңгейге – 75,97 жасқа жетті. Ана өлімінің 35%-ға және нәресте өлімінің 15,3%-ға төмендеуі жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін көрсетеді.

ЮНИСЕФ Қазақстанды жаңа туған нәрестелер өлімін азайту бойынша өңір көшбасшысы деп таныды.