Түркияда қазақстандық азаматты атып кетті. Ыстамбұлдағы көшелердің бірінде белгісіз ер адам Қазақстан азаматының жанына келіп, оның басына оқ атқан. Алдын ала болжам бойынша курьер қызметін атқарып жүрген жігіт сол жерде жан тапсырған. Қылмыс болған сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Түркия полициясы бір тәуліктен кейін күдіктіні шекарада қолға түсірген. Ол елден қашып кетпек болған. Оның сыбайласы ретінде тағы бір адам қолға түсті. Түркия полициясы екі күдіктінің де Грузия азаматтары екенін хабарлады. Бұл жағдайды Қазақстанның сырткы істер министрлігі растады.
ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі 2026 жылы 31 наурыз күні Ыстамбұлдың Фатих ауданында қаза тапқан Қазақстан азаматының өлімі жайлы хабардар. Қазір Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр.