Алматыда «TAIQAZAN-2026» ІІ Халықаралық кәсіби шеберлік фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Байқауға еліміздің 12 өңірінен келген 100-ге жуық жас маман жиналды. Шараның мақсаты – қызмет көрсету және тамақтану саласындағы жас мамандардың кәсіби деңгейін арттыру.3 күнге жалғасатын байқауда қатысушылар аспаздық және сән саласы бойынша бақ сынайды.
ҚАЙРАТ ЖҰМАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Фестиваль аясында еліміздің түрлі өңірлерінен және шетелден келген қатысушылар бақ сынауда. Жалпы 100-ден астам өтінім қабылданды. Екі бағыт бойынша жарысқа түсуде. Әр бағыттың өз ерекшелігі бар. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, өздерінің мықты қырларын көрсете алады деп сенемін.
Фестивальдің алғашқы күні қатысушылар аспаздық бағыт бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Ұмыт болған ұлттық тағамдар қайта жаңғыртылып, олардың дайындау ерекшеліктері таныстырылды. Қатысушылардың жұмысын бағалаған шетелдік сарапшылар ұлттық дәмді сүйсіне жеп, жоғары бағасын берді.
БАТЫРЖАН БАУЫРЖАНҰЛЫ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ:
Қатысушылардың кәсіби дағдылары өте жоғары деңгейде деп айтсам болады. Балықтан және еттен тағамдар ұсынылды. Біздің мына әсіресе ұлттық тағамдарымыз Франциядан, Турциядан келген қонақтарымызға ұнап жатыр. Мына қазақтардың ұлттық тағамдарын жаңғыртып ұсынып жатқан қатысушыларымыз бар, оларға өте ұнап жатыр.