«Ойлан, қазақ» романы көпшілікке жол тартты

«Кітап AMANAT» жобасы аясында жазушы, саяси сарапшы Ерлан Ахмедидің «Ойлан, қазақ» романының тұсаукесері Көкшетауда өтті. MECENAT.KZ әдеби сыйлығының финалына жолдама алған шығарма ұлттық тәрбие тақырыбына арналған. Конкурсқа ұсынылған 33 шығарманың ішінен үздік 6-лыққа кірген роман тарихи тізбек бойынша жазылған. Сюжет желісі Көкше өңірінде суреттеледі. Туындыда экзистенциялық дағдарыс, тұлғаның  үшке  жарылуы мәселелері көркемдік тұрғыда ашылған.  Автор XXI ғасыр үрдістерін де назардан тыс қалдырмай, жасанды интеллект пен виртуалды уақыт машинасы идеяларын ұштастырған.

ЕРЛАН АХМЕДИ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Біздің тарихтағы тұлғалар сонау Әл-Фарабиден бастап, Д.Қонаев, Ө.Жәнібековке дейінгі тұлғалардың өмірі өсиет ретінде берілген. Олардың қазақ үшін сіңірген нақты еңбектері, оның ішінде, Жұмабек Тәшенов бар. Алаш зиялылары бар. Мен осы сюжеттік линия арқылы үлгі ретінде көрсеттім. Яғни, бұл ұлттық жаңғыру. Осылайша нағыз қазақтың ұлттық мемлекетін құру. Екіншіден бұл әлем әдебиетінде кең етек жайған психологиялық тұрғыдан жазылған дүние.