Астана халықаралық әуежайының жұмыс кестесі өзгереді

Фото: nn-airport.kz

2026 жылдың 15 сәуірінен бастап Астананың халықаралық әуежайынан ұшатын рейстер көбіне түнде ұшпақ. Өйткені, 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында әуежайдың ұшып-қону жолақтары жөнделеді. Ұшып-қону жолағы осы аралықта таңғы сағат 10.00 мен 18.00 аралығында жөнделеді.

 

«Осы уақыт ішінде әуежайдан ұшатын жоспарлы рейстер таңертең ерте немесе түнгі уақытта ұшады. Осы ретте әуежай азаматтарға ескерту жасап, рейстерінің уақытын алдын ала тексеріп алуды ұсынып отыр.», - деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметі.