Банктер мен байланыс операторларының атынан фишингтік SMS таратқан топ ұсталды

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР Бас прокуратураның үйлестіруімен және «TELE2» мамандарымен бірге азаматтардың деректері мен ақшасын ұрлаған топтың қызметін тоқтатты. Қаскөйлер SMS-бластер арқылы жалған хабарламаларды «Beeline» және «Halyk Bank» атынан таратып, адамдарды фишингтік сайттарға кіргізген.

Осылайша олар жеке және банктік мәліметтерді иемденген.

Төрт күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.