Жалған психолог адам өмірін тас талқан етсе, оған кім жауапты?-Аймағамбетов

Фото: instagram.com/aimagambetov

Жалған психолог адам өмірін тас талқан етсе, оған кім жауапты? Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілісте осы мәселені көтерді. Оның айтуынша, мыңдаған отандасымыз депрессиямен күресіп, көмек іздеп жүр.

«Аспаз халыққа зиян келтірсе, мейрамхана жабылып, іс қозғалады, жауапкершілік бар. Ал егер психолог адам өмірін тас талқан етсе, оған кім жауапты? Қазіргі заңнамада ондай жауапкершілік қарастырылмаған. Заң реттелмеген»,-деді Асхат Аймағамбетов.

Енді жаңа заң бойынша психологтардың ашық реестрі болады. Психолог пен дәрігердің кәсіби шекарасы айқындалып, кәсіби құпияны сақтау да енгізіледі. Адамның психикасымен жұмыс істеу күрделі екені енді заңмен бекітіледі.