Павлодарда кәмелетке толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен жігіт 12 жылға сотталды. 20 жастағы қала тұрғынының қолына сот залында кісен салынды. Ол енді жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Жігіт қыздың ата-анасы түнгі ауысымға жұмысқа кеткен кезде олардың пәтерінде кездесіп жүріпті. Арадағы жақындық өзара келісіммен болған. Алайда, қыздың ата-анасы баласын зорлағанын айтып, сотқа шағым түсірген. Іс жабық сот отырысында қаралды.
АЙНҰР ЮСУПОВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Сот Кенжебай Дархан Қайратұлын Қылмыстық Кодекстің 122 бабы 4-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Оған өмір бойына педагогикалық қызмет атқаруға және кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынады. Зардап шегушіге моралдық өтемақы ретінде 3 млн. теңге көлемінде қаражат төлеуге міндеттелді.