Жаппай SMS арқылы алдаған алаяқтар ұсталды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2026

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі «SMS-бластер» қолданған қылмыстық топ ұсталды. Бұл - ТМД аумағындағы алғашқы жағдай. Алаяқтар көлікке арнайы құрылғы орнатып, базарлар мен сауда орталықтарының маңында жүрген. Құрылғы байланыс операторларын алдап, маңайдағы телефондарға сағатына 100 мың хабарлама таратқан. Азаматтарға танымал банктер мен байланыс операторларының атынан «бонус сыйлаймыз» деген жалған сілтемелер жіберіп, жеке мәліметтерін ұрлап келген.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топ схеманы жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде анықталып, ұсталды. Бұл азаматтардың ауқымды алдануы мен елеулі қаржылық шығындарының алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.