Алматыда тұрғындар сатып алған тұрақ орнына көше салынбақ

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2026

Тұрақ орнына көше салынбақ. Алматылық тұрғындар құрылыс компаниясының бұл әрекетіне наразылық білдіруде. Айтуларынша, пәтерлер комфорт класс санатында, тұрақ орындарымен бірге сатылған. Балаша алдап келді деп шағымдарын білдірді. Тараптарды тілшіміз Әйгерім Есенгелді тыңдады.

Тұрғындарға пәтерді сатып аларда оларға жайлы баспана, кең әрі қауіпсіз аула және тұрақ орны уәде етілген. Сол үшін олар басқа тұрғын үй кешендерімен салыстырғанда екі есе қымбат төлеген. Алайда қызыл сызықтың бар екені және аумақтың қала қажеттілігіне алынатынын ешкім ескертпеді дейді олар.

БОТАКӨЗ ТАЛҚАМБАЕВА, ТҰРҒЫН:

Сендер тек қана квартираны сатып алдыңдар, жерді сендер сатып алған жоқсыңдар деп сылтау айтады. Сендерге тек сол үшін осы үйдің астындағы территорияны береміз. Ертең жол салынып кетсе біз машиналарымызды қайда қоямыз. Алматыда ең глобальный проблема машинаны қоятын жер жоқ. Сол үшін де біз он он екі, он бес млнға дейін ақшаны көбірек төлеп территориясы бар жерді алдық. Енді соған біз алданып отырмыз.

Жалпы 1515 пәтерде 3000-нан астам тұрғын тұрады. Қағаз жүзінде 950 тұрақ орны бар, оның 450 –і ғана қолданыста екен. Енді жұрт сол қалған аз тұрақтан айырылып қаламыз ба деп отыр.

ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, ТҰРҒЫН:

Келісім шарт жүргізіп елу пайыз жерді береміз деді.  Елу пайыз тұрмақ ешқандай жерді бермей жатыр. Мынау тратуардан бастап барлық жерді бөліп алайын деп жатыр. Біз тұрған жер ешқай жақа кірмейді. Сот процесі басталатын кезде жиырма күн қалған кезде біздің ОСИ ді ауыстырып, осыдан төрт күн бұрын выездной сот келеді біздің территорияға. Сол келіп қазіргі сайланған ОСИ қандай жеке шағымыңыз бар деген кезде жеке шағымымыз жоқ деп айтады ол кісі.

Тұрғындар бұл мәселені 2 жыл бұрын өздері анықтаған. Содан бері түйткіл әлі шешілмеген, іс сотқа дейін жетті. Ал құрылыс компаниясы қызыл сызық туралы білмегенін айтады. Сот бітпей ешқандай әрекет жасай алмаймыз деп жауап қатты.

ЕРМЕК АХЕЛОВ, "SENSATA SERVICE ALMATY" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Қандай тазалық, қандай керемет классқа жатады. Сіздер өздеріңіз көрсеңіздер болады. Эконом дегенді асыра сілтеушілік білдіріп жатыр бұл кісілер. Жоқ, маған белгісіз бұ жерде красный линия болған болмағаны. Ауызша сұраған кезде бұ жерде құрылыс компаниясы білмеген.  Ол кезде мәлім болмаған красный линия бар жоғы. Содан кейін бір красный линия шығып жатырғо оған біз застройщик ретінде ешқандай повлиять ете алмаймыз.

Аудан сәулетшісінің айтуынша, бұл аумақта көше салу жоспары бұрыннан болған және жоба қала жоспарына енгізілген. Сондай-ақ бұл туралы құрылыс компаниясы хабардар деп отыр.

ДӘУРЕН АЛМАСБЕКОВ, НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНЫҢ СӘУЛЕТШІСІ:

Нақты 2023 жылғы жоспарлау жобасы бойынша көппәтерлі “Sensata city” тұрғын үйдің оңтүстік жағынан Ұлықбек көшесінің кесілуі қарастырылған. Қазіргі таңда ол Ұлықбек көшесінің құрылысы және кесілуі мерзімі белгісіз.

Тұрғындардың соңғы үміті соттың әділ шешімінде.