«Несиені жеңілдетуді» ұсынатын жалған қызметтер көбейді

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2026

Қазақстанда әлеуметтік желілерде несиені кешіруге көмектесемін дейтін ақылы қызметтер көбейді. Алайда Қаржы нарығын реттеу агенттігі қарызды жеңілдетуді ұсынатын адамдарға жүгінбеуге шақырды. Себебі банк пен борышкер арасындағы делдалдардың пайдасынан зияны көп. Оларға жүгінгендер керісінше несие тарихын құрытып, екі есе шығынға тап болуы мүмкін.

Несиеге қатысты көмек ұсынушылардың қызметінің құны шамамен 50 мың теңгеден басталады. Ақшаны төлесең қарызды кешіру былай тұрсын, тіпті бұғатталған картаны ашуға уәде береді. Алайда Қаржы нарығын реттеу агенттігі өкілдері кредит бойынша көмекшілерге жүгініп пайдасын көргендер жоқтың қасы дейді. Сол себепті қарыз берген банктің өзімен ғана жұмыс істеуге кеңес берді.

ЕРНАР ОРАЗБАЕВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:

Мысал ретінде қарайтын болсақ бір азаматтың қиын жағдайға түсіп төлеуге қаблетін төмендеді дейік. Ол уақытты созбау керек бірден өзінің несие берген қаржы ұйымына хабарласу керек. Ол кезде жағдайын тексере отыра егер шынында да бәрі айтқанындай болатын болса, қажетті құжаттарды ұсынатын болса, онда кредиторға оған көмектескен де дұрыс. Себебі өзінің клиентінің графикте болғаны ол қаржы компаниясына жақсы. Сол кезде бәрі дәйекті түрде құжаттармен берілетін болса онда көмектеседі.

Сарапшылардың пікірінше, азаматтар «делдалдардан ғажайып күтудің» кесірінен уақыт жоғалтып алады. Қарыз кешіріледі деген үмітпен жүргенде, берешек өсіп келісімге келу мүмкіндігі азаяды дейді.

ДӘМИЛӘ БАЙДІЛДАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ:

Қарыз алушы қиын жағдайға түсіп қалған жағдайда заң бойынша 30 күн ішінде жүгінуге болады.  Кредиттік ұйымға шағым тастайды және де керекті құжаттарын беру керек. Кредиттік ұйымдар, ол жаңағы банктер, микро қаржы ұйымдары олар заң бойынша қарыз алушының шағымын документтерін құжаттарын толық тексеріп, нақты бір шешім шығарып жауап беруі тиіс.

Ал халықтың өзі әртүрлі пікірде.

БЛИЦ:

- Қазір ондайлар көп. Сондықтан оданда лучше прямой банкке барып, банкпен шешкен дұрыс деп ойлаймын. Біреуге шығынданбас үшін. Ол ертең ақшаңды алады одан кейін ол адамды таппайсың.

- Ол енді үкіметтің берген ақшасы ғой. Оны қалай кешіріп береді екінші адамды танымайтын.

- Требованиеларына байланысты ғой. Егер олар анау өтірік қағазды беріп, бірнәрсеге қол қойдыртып алады деген сияқты, кім біледі.

Мамандар қарыз мәселесін шешудің ең дұрыс жолы кредитормен тікелей байланыс орнату, ал уәделерге ақша жұмсамауға кеңес берді.