Елде жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдерге арналған халықаралық фестиваль өтеді. Іс-шара 2026 жылдың күзіне жоспарланған. Бірегей жиын әлемдік креаторларды, сарапшылар мен технологиялық компанияларды біріктіреді. Бағдарлама аясында қысқаметражды фильмдер байқауы, конференция, сондай-ақ арнайы көрсетілімдер мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен салалық пікірталастар өтеді. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан ЖИ бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Халықаралық рейтингте аймақтағы жасанды интеллектіні енгізуге дайындық деңгейі бойынша бірінші орынға ие.