«Қазгидрометтің» болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.
9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді жел мен қатты жаңбыр күтіледі.
Түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын түсуі ықтимал. 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді.