Ұлытау облысында ер адам төрт баланың анасын айуандықпен өлтірді

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2026

20 рет пышақ сұққан. Ұлытау облысында 33 жастағы ер адам төрт баланың анасын аяусыз қинап өлтірген. Күдікті- марқұмның азаматтық некедегі күйеуі.  Ол әйелдің жұмыс орнына келіп, оған жиырма рет пышақ сұққан. Марқұм алған жарақаттарынан  көз жұмды.  42 жастағы әйел жалғызбасты ана ретінде төрт баласын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі қызын асырап келген. Жақындарының айтуынша, ер адам бұған дейін де   бірнеше мәрте зорлық-зомбылық көрсетіп, агрессия танытқан. Қайғылы оқиғадан біраз уақыт бұрын марқұм онымен қарым-қатынасын үзуге тырысқан екен. Күдікті қылмысты жасаған соң өзіне қол жұмсамақ болған, алайда аман қалды. Ұлытау облыстық Полиция департаменті «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.

АЛМАЗ САЛАМАТОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жәйрем кентінде орын алған адам өлтіру фактісі бойынша ПД қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда күдікті тұлға ауруханадан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды.