Астанада науқастарды қабылдап жүрген медицина қызметкері соққыға жығылды. Оқиға психикалық денсаулық орталығында болған. Белгісіз ер адам фельдшердің мойнынан ұстап, тұншықтырған. Сол кезде басқа бөлімшеден күзетші келіп, араша түсіпті. Қазір болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
ЭЛЬМИРА ШАУЛЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Ер адам туысын көру үшін қабылдау бөліміне келген. Кезекші фельдшер одан деректерді ұсынуын және қабылдау уақытына сәйкес келуін сұраған. Алайда ол талапты орындаудан баст тартып, медицина қызметкерін ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкері 47 жастағы ер адамды ұстады.