Сабыржан Аққалықов Моңғолиядағы Азия чемпионатында алтын алды

Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Сабыржан 4:1 есебімен алға шықты. Екінші және үшінші раундтарда да басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске қол жеткізді.

Енді ел құрамасынан 8-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 10-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қытайлық Данабек Байкенжемен кездеседі.