Енді құқық жүйесі заман талабына сай модернизацияланады. Процеске жас зерттеушілердің әлеуетін пайдалану көзделіп отыр. Бұл туралы Қосшы қаласындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен жиында айтылды. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған халықаралық конференцияға Парламент депутаттары, Бас прокуратура мен Әділет министрлігінің өкілдері және жетекші ғалымдар қатысты. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін Ресейдің Санкт-Петербург және Волгоград академияларынан сарапшылар арнайы келген. Қатысушылар заң доктринасына инновациялық тәсілдерді енгізу мен құқық қолдану тәжірибесін арттыру мәселелерін ортаға салды. Сарапшылардың пікірінше, жас ғалымдардың жаңашыл идеялары заңнаманы жетілдіруге тың серпін бермек. Конференция қорытындысы бойынша халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.
СӘУЛЕ САПАРӘЛИЕВА, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМНЕН КЕЙІН БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бүгінгі кезде біздің акдемияда үлкен трансформация өткізіліп жатыр. Трансформация "Заң мен Тәртіп" қағидасын жүзеге асыруға байланысты жас буын, жалпы осы құқық қорғау органдарында қызмет істеп жатқан жас мамандар, жас ғалымдар біздің магистранттар мен докторанттарды ғылымға баулу үшін өткізіліп жатқан конференция.