Солтүстік Қазақстан облысында ауылдардың 93 пайызы интернетке қосылған

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдардың 93 пайызы интернетке қосылған. Өңірге мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жұмыс сапарымен барып, ақпараттық технологиялық саласын бақылап қайтты. Сапар аясында халық қалаулысы облыстық және қалалық мәслихаттардағы «AMANAT» партиясы фракцияларының депутаттарымен алқалы жиын өткізді. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаев ауданында бірқатар іс-шараларға қатысты. Аймақта 11 креативті IT-орталық ашылып, елді мекендерді түгел қамтитын 46 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ, барлық мектептер цифрлық платформаларға қосылған. Агроөнеркәсіптік кешен де қарқынды цифрландырылуда. Кәсіпорындардың 87%-ы өнімділікті бақылау, мал шаруашылығын цифрлық мониторингтеу сияқты заманауи шешімдерді пайдаланады. Мәжіліс депутатының айтуынша, IT-хабтарды дамыту мен «ақылды» шешімдерді енгізуге ерекше назар аударған жөн.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Арнайы жұмыс тобы немесе жобалы кеңсені құру керек. Оның ішіне белгілі бір мәселені ұсына алатын қала тұрғындары, қоғам белсенділері кіруі тиіс. Және сол мәселені цифрлық тұрғыда шешіп бере алатын АЙТИ мамандары қажет. «Amanat» алаңында осы бастама қаузалып, шешімін табуы керек деп ойлаймын.