«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиында сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы пысықталып, өңірлік филиалға жаңа төраға сайланды. Партия мүшелерінің бірауыздан берген дауысымен облыстық филиал тізгіні Жанат Мәкееваға сеніп тапсырылды. Конференцияға қатысқан партия хатшысы Ержан Жылқыбаев басты басымдық  халық аманатын орындау екенін қадап айтты. Бүгінде облыс тұрғындарынан мыңнан астам өтініш келіп түскен. Партия өкілдері бұл мәселелердің қағаз жүзінде қалмай, әлеуметтік сала, инфрақұрылым бағытында шешілуін назарда ұстамақ.

ЖАНАТ МЕКЕЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің негізгі мақсатымыз тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосу. Бұл бағытта «AMANAT» партиясының алдында маңызды әрі жүйелі түрде іске асырылатын жұмыстар тұр. Сонымен қатар, бүгінгі таңда партия қатары белсенді жастармен толығып келеді. Жастардың партияға қосылуы – азаматтардың партияға деген сенімінің артып, қоғам өміріне белсенді қатысуға деген ұмтылысының айқын көрінісі.