«Жұлдыз болғым келеді» байқауының жаңа маусымы басталды

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жұлдыз болғым келеді» жобасының жаңа маусымы басталды. Биыл байқау үздік жас бишілерді анықтайды. Былтыр алғаш рет вокал бағытында ұйымдастырылған жарысқа 170 жеткіншек қатысқан. Хореография бойынша мыңнан аса үміткер бақ сынамақ. Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздегі балалар үйлерінде 3 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Олардың арасынан өнерпаздарды үлкен сахнаға шығару – ұйымдастырушылардың басты мақсаты.  Жеңімпаздарға қомақты қаржылай сыйлық қарастырылған.

АЛЕКСЕЙ ЛОДОЧНИКОВ, ЖОБА АВТОРЫ:

Осы сайысқа 8-18 жас аралығындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатыса алады. 4 жанр бойынша қатыса алады. Дует, трио, квартет, ансамбль номинациясы бойынша. Және бұл халық биі болуы мүмкін, хип-хоп, замануи және т.б бағыт бойынша қатысыа алады. Біз оларға шектеу қоймаймыз. Өтінімдерді 19 наурыздан бастап қабылдадық және 5 маусымға дейін жалғасады.