Енді кешіккен пойыз жолаушыларына өтемақы төленуі мүмкін

Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі

Өзбекстанда кешіккен пойыздардың жолаушыларына өтемақы төлеу механизімі енгізілмек. Тиісті заң жобасын елдің Көлік министрлігі әзірлеп жатыр.

Өтемақы тасымалдаушының кінәсіне байланысты кешіктірілген пойыздардың жолаушыларына беріледі. Жобаға сәйкес, азаматтарға қайтарылатын соманы төмендегідей бекіту ұсынылады:

— 15 минуттан 30 минутқа дейін кешіктірілген жағдайда билет құнының 15%-ы өтеледі;

— 31 минуттан 60 минутқа дейін — 25%;

— 61 минуттан 120 минутқа дейін — 50%;

— 121 минуттан көп — 100%.

Бұл бастаманы қарастыруға азаматтар тарапынан жиілеген өтініштер мен әлеуметтік желілердегі шағымдар себеп болды. 2025 жылы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне 51 өтініш түсті.