Алматы облысында пара оқ атудан ел біріншілігі өтеді

ҰОК

13-ші сәуірде Алматы облысында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара оқ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Спортшылар 10 м қашықтықта пневматикалық винтовка және тапаншамен ату дисциплиналары бойынша жекелей, аралас (микс) және командалық жарыс  түрлері бойынша сынға түседі.