Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Астана қаласында әлем чемпионатына дайындық аясында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады.
Бұл оқу-жаттығу жиыны 17 сәуірге дейін созылады. Одан кейін қазақстандық хоккейшілер Беларусь астанасы Минск қаласына аттанады. Онда жергілікті командалармен жолдастық кездесу жоспарланған.
Ал 26 сәуірде отандастарымыз Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі
- 2 мамыр. Литва - Қазақстан
- 3 мамыр. Қазақстан - Жапония
- 5 мамыр. Қазақстан - Польша
- 7 мамыр. Украина - Қазақстан
- 8 мамыр. Қазақстан - Франция.