Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.
Ол 92 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалда Дәулетбеков моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді.