Жыл басынан бері айналымға шамамен үш тонна есірткі жіберілмеді

Фото: Polisia.kz

Биыл үш айда 34 жасырын есірткі зертханасы жойылды: 10-ы синтетикалық есірткі өндіру бойынша, 24-і - фитозертхана.

Мысалы, Талдықорған қаласында шетел азаматтары бірден екі есірткі зертханасын ұйымдастырған. Жабдықтар, реагенттер және дайын есірткі өнімдері тәркіленді.

Күдіктілердің әрекеттері DarkNet арқылы жүргізілген.