Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді

Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді.

Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Қасымбек қытайлық У Бухеердунды 8:7 есебімен, бір ұпай айырмасымен жеңді.