Димаш Құдайберген «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» марапатына ие болды

Фото: dimashnews.com

Қытайдың Макао қаласында өткен «Weibo Cultural Exchange Night 2026» салтанатты кешінде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Әнші фестивальде «Fire» композициясын орындап, қытайлық тыңдармандардың ықыласына бөленді.

Шара қорытындысында Димаш Құдайбергенге Weibo Macau China тарапынан «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» марапаты табысталды.