«Шексіз мүмкіндік» жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылатын болады

«AMANAT» партиясының «Шексіз мүмкіндік» жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылады. Жобаның мақсаты – аутизмге шалдыққан балалардың қоғамда тең құқылы болуын қамтамасыз ету. Жоба Астана қаласында пилоттық жоба ретінде іске қосылды. Аутизмі бар 20 жас колледждерге оқуға түсіп, биыл мамандық алып шығады. Оқу бітірген түлектерді жұмыспен қамтуды оқу орны өз мойнына алған. Осы тәжірибе барлық аймақтарда қолданылмақ. 

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Біздің мақсатымыз -мүмкінділігі шектеулі жандардың толық әлеуметтенуі. Олар алдағы уақытта әлеуметтік көмекті пайдаланушылар қатарына қосылмай өздерін қоғамдағы тең мүше ретінде тиісті мамандықты игеріп, қоғамда өз орнын тауып, өзін алдағы уақытта сақтап ұстай алатындай да өзінің сүруіне тиісті мамандықты игеруі. Сондықтан осындай әлеуметтік мақсатты қоя отыра біз осы жобаны алдағы уақытта жылжытатын боламыз.

«AMANAT» партиясының «Цифрлық қоғам» жобасы аясында ұстаздар жасанды интелекті бойынша оқытылған болатын.  Партия хатшысы Шолпан Каринова Павлодардағы колледждерде жасалып жатқан цифрлық технологияның нәтижесін көрді. Мұнда студенттер өздері жасаған жобаларын  таныстырды.  Жоба шеңберінде қарияларға да цифрлық сауаттылық тақырыбы да оқытылды. Олардың  мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ, онлайн алу тәртібі үйретілген болатын.  «Белсенді өмір сүру» орталығындағы барған партия хатшысы  орталықтағы цифрлық шешімдердің орындалу барысымен танысты. Бұдан бөлек «Әлеуметтік әмиян» жобасының мән маңызын түсіндірді.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Цифрлық қоғам құру – бұл тұрғындарымыздың цифрлық сауаттылығынан басталады. Біз тек жаңа технологияларды қолдану арқылы ғана дами аламыз. Егер адамдар бұған дайын болмаса, біз діттеген мақсатымызға жете алмаймыз. Сол себепті Президент «Цифрлық мемлекет» болуды қамтасыз ету керектігін мақсат етіп қойды. Осы мақсат жан-жақты дамығанда ғана біз цифрлы елге айнала аламыз.