Алматыда «Жас бүркіт» - 2026 әскери-патриоттық жиыны өтті

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2026

Алматыда Отан қорғаушылар күніне орай «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Шара жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және әскери қызметтің беделің арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жиын аясында әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылып, оған мектеп оқушылары мен әскери-патриоттық клуб мүшелерінен құралған 13 команда қатысты. Қатысушылар түрлі кезең бойынша күш пен ептілікті сынап, қару-жарақпен жұмыс істеу және әскери дайындық деңгейін көрсетті. Нәтижесінде үздік команда анықталып, арнайы кубок және дипломдармен марапатталды.

ЕРЛАН АЛДАНАЗАРОВ, ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК:

Бүгінгі шараның маңыздылығы мынау Ұлы отан соғысының ардагері, жеңіс күніне арналады. Ардагерлерге марқұм болған және басқа мемлекеттердің аумағында қатысқан ардагерлерге және қаза болған сарбаздарға арналады. Жастарға әскери патриоттық тәрбие беру.

МЕЙІРЛАН ЕРЛАНҰЛЫ, “JAS SARBAZ” ТОБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Біз осы «Жас бүркіт- 2026» жарысына өте қызу дайындықта болдық, өте қатты дайындалдық. Бұл жарыста 14 команда қатысып отыр. Мен мен деген жақсы мектептер қатысып жатыр.