Елордада «Періште» фильмінің жабық алдын ала көрсетілімі өтті. Қалың көрермен туындыны 16-ы сәуірден бастап кинотеатрлардан көре алады. Картина 90-ы жылдары болған шынайы оқиға желісіне негізделген. Драма жанрындағы шығарма ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Басты рөлді сомдаған белгілі актриса Құралай Анарбекова, продюссерлік ауыр жүкті де өз мойнына алған.
ҚҰРАЛАЙ АНАРБЕКОВА, АКТРИСА:
Кинодағы әр бөлме мен әр декорация, үй болсын, дала болсын суретшілер барлығын өз қолдарымен өздері жасап шықты. Дайын алаңға келген жоқпыз. Пәтер алғанның өзінде, құр қаңқасын қалдырдық. 90-ы жылдардағы атмосфераға сәйкестендіру үшін, суретшілеріміз жұмыс істеді.
АЙНҰР БЕРМҰХАМБЕТОВА, АКТРИСА:
Бұл жерде психологиялық драма жанрындағы түсірілген фильм. Біз театр болсын, кино болсын, көрермен жетегінде жүрмеуіміз керек. Біз көрерменді өзіміздің соңымыздан жетелеуіміз керек деп ойлаймын. Сондықтан, көрермен не қаласа, соны ұсыну емес, көрерменге сапалы дүние ұсынсаң, көрермен ақымақ емес. Ол түсінеді және өзіне керегін ала біледі.