COVID-тің «Цикада» деп аталатын жаңа штаммы 23 елде анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, ол әсіресе балалар арасында жылдам таралады.
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген молекулалық-генетикалық мониторинг нәтижесіне сәйкес, аталған штамм Қазақстан аумағында анықталған жоқ.