Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Жаңа ережеге сәйкес:
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, әр мүмкіндік арасында кемінде 10 күнтізбелік күн сақтай отырып, шектеусіз тапсыруға болады. Бұған дейін қайта оқудан өту талап етілетін;
Емтихан кезінде бақылау күшейтіліп, жасанды интеллект технологиялары енгізіледі;
Емтихан барысында тыйым салынған құрылғыларды пайдаланғандар және жүргізуші куәлігін заңсыз алуға жәрдемдесетіндер жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ үміткерлер 1 жылға теориялық емтихан тапсыру құқығынан айырылады;
Автомектептердің қызметіне қойылатын талаптар күшейтіледі. Жүргізушілерді даярлау сапасы төмен болған жағдайда лицензиясы қайтарып алынуы мүмкін.