Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы мемлекеттік қаржының атқарылу барысы қаралды. Негізгі баяндаманы қаржы министрі Мәди Такиев жасады. Оның мәлімдеуінше, трансферттерді есептемегенде мемлекеттік бюджеттің кірісі 6,4 трлн теңгені құраған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 931 млрд теңгеге артық.
Нақтырақ айтқанда, ол республикалық бюджет 4,2 трлн теңге түсімді қамтамасыз ете отырып, 102%-ға атқарылғанын атап өтті. Түсімге сыртқы факторлар айтарлықтай әсер етті: мұнайдың орташа бағасы барреліне $80,6 болғанда, экспорттық кедендік баж салығы бойынша қосымша 40,5 млрд теңге өндірілді. Сонымен қатар теңге бағамының неғұрлым күшеюі (540 болжам бойынша бір доллар үшін 497,7) республикалық бюджет кірісін 146 млрд теңгеге шектеді.
«Есепті кезеңде мемлекеттік қаржының тұрақтылығы, барлық әлеуметтік міндеттемелерді уақтылы қаржыландыру, өңірлерді қолдау, сондай-ақ мемлекеттік кірістер мен шығыстардың цифрлық және басқарылатын моделіне көшуді жалғастыру қамтамасыз етілді. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде және басым тәртіппен қаржыландыру – 1,8 трлн теңге және өңірлерге 1,3 трлн теңге трансферттер қамтамасыз етілді»,- деді Мәди Такиев.