Бос әңгімені доғаратын уақыт келді - Бектенов

фото: Үкімет

Ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, барлық салаға жасанды интеллектіні енгізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Қазіргі жаһандық экономикалық және геосаяси ахуал барлық елге әсер етіп отыр. Біз жылдың соңына дейін 5 пайыздан жоғары деңгейде орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз қажет. Шикізаттық емес секторда тұрақты өсім байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті. Аталған оң үрдісті жалғастыра отырып, қолдағы барлық резервті толық пайдалану керек. Бос әңгімені доғаратын уақыт келді. Нақты іспен айналысу керек. Ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, барлық салаға жасанды интеллектіні енгізу керек. Қаржылық тәртіпті қатаң сақтап, әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет. Қазіргідей бәріне бірдей емес, мемлекет шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана қолдау көрсетуге тиіс, - деді Премьер-министр.