Астанада жүк көліктерін тұраққа қоюға жаңа шектеулер енгізіліп жатыр

фото: pixabay

Енді елордада салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктерін арнайы автотұраққа ғана қою қажет. Ал барлық ақылы тұрақ жол белгілерімен және таңбамен белгіленіп, тарифтер, төлем тәсілдері және байланыс ақпараты көрсетілуі тиіс.

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автотұрақтарда мүгедектігі бар адамдарға арналған орындарды қарастыруға, жедел, авариялық және коммуналдық қызметтердің тәулік бойы еркін өтуін қамтамасыз етуге міндетті.