Қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Бет-жүзін пышақпен кескілеп, кім екенін тануды қиындатпақ болған. Ақтөбеде 22 жылға сотталған қылмыскер өзін ақтап алу үшін кассациялық сотқа жүгінді. Алайда, сот Үкімді өзгеріссіз қалдырды. Оқиға 2024 жылдың 9 маусымында болған. Айыпталушы өзін көлік сатып алушы ретінде таныстырып, «Toyota Camry» автокөлігін сатпақ болған әйелді адам аз жүретін жерге алдап апарған. Сол жерде оған шабуыл жасап, қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Қылмысты жасыру мақсатында жәбірленушінің бет-әлпетін пышақпен тілгілеген. Кейін әйелдің алтын алқасын алып, мәйітті бұталардың арасына тастап кеткен. Қорғау тарапы полиция қысымы мен үшінші тұлғалардың қатысы туралы нұсқаларды алға тартқанымен, сот оларды дәлелсіз деп таныды. Сотталушыға тағайындалған 22 жыл мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды.