"Бос әңгімені доғаратын уақыт келді. Нақты іспен айналысу керек". Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін министрлерге ескерту жасады. Себебі күннен-күнге бәсекелестік күшейіп барады. Сондықтан қарап отыруға болмайды деді. Премьер-министр ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып, барлық салаға жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек, әрбір басшы жұмыс тәсілін өзгертуі шарт. Яғни жаңаша көзқарас қалыптастыруға міндеттеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Бұл орайда, мемлекеттік аппаратқа, бірінші кезекте басшыларға жаңа талаптар қойылады. Әрбір басшы өзінің жұмыс тәсіліне де, өзіне де түбегейлі жаңаша көзқараспен қарауға тиіс. Ол Мемлекет басшысы айқындаған жаңа талаптарға, жаңғырудың жаңа жалпыұлттық күн тәртібіне сәйкес келе ме? Әрбір басшыдан нақты нәтиже болуға тиіс. Бұны естен шығармаңыздар.