Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін бақылаудың жаңа тәсілі іске қосылады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты. Qalqan атты цифрлық бақылау жүйесі саладағы былықтың алдын-алмақ. Осы жүйенің көмегімен негізсіз төлемдер азайып, 255,2 миллиард теңге қаржы үнемделеді дедң министр.
МӘДИ ТӘКИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
Бүгінде жүйеге 1,6 мыңнан астам медициналық ұйым қосылды. Төлем жасалғанға дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы негізсіз есептеулердің алдын алуға мүмкіндік беретін антифрод-бақылау тетігі құрылды.