Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді. Енді емтиханды шексіз тапсыруға болады, бірақ талап күшейеді. Жаңа ереже қандай? Тілшіміз айтады.
Мүмкіндік шектеулі болған сайын емтихан елді көп алаңдататын. Енді тестті ақылы негізде араға 10 күн салып, шектеусіз тапсыруға болады. Себебі, 3 рет тапсыру мүмкіндігі көпшілікке қолайсыздық туғызып, уақыт жоғалтатын.
АРУЖАН ИМАНҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Алдында 3 рет тапсырған кезде 1 ай күтіп қалуымыз мүмкін. Сондықтан 10 күн сайын тиімді деп ойлаймын. Тестілеу барысы өте оңай. негізі білген адамға жаттаған адамға өте оңай. теориялық бағытта. Мен вождениеге ғана барып көрдім.
Бірақ бұл автомектептерге екі есе салмақ салуы мүмкін. Себебі орталықтардың қызметін лицензиялау ұсынылды. Егер шәкірттері шалынса, сұрауы ұстаздан болады. Бұл өз кезегінде сапасыз білім мен салғырттықтың алдын алады дейді мамандар.
МЕРУЕРТ ТЕМІРБАЙҚЫЗЫ, АВТОНҰСҚАУШЫ:
Лицензияға қараған дұрыс деймін. Себебі жүргізуші ретінде біз не только өзімізге басқаларға да жауапты боламыз. Жаяу жүргіншілер бар, пассажирлар бар. Бәріне жауапты болғандықтан қарау керек сияқты. Өйткені маңызды нәрсе.
Жүргізуші куәлігін алу процесі толықтай цифрлық бақылауға өтіп, заңбұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі. Жасанды жүйенің енуі емтиханның ашықтығын арттырып, заңсыз әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.
ОЛЖАС ОҚАС, САРАПШЫ:
Жаңа технологияны үнемі қолдану керек. Тіпті оқу әдістемелік құралға Ar, VR сияқты технологияны қолданса жақсы болушы еді. Симулятор арқылы адамдар практика өтіп, сол арқылы емтихан тапсырса да керемет болушы еді.
Болашақта жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру мүмкіндігі кеңейе түспек. Енді тек мамандандырылған ХҚКО-ларда ғана емес, Ұлттық тестілеу орталығы базасында да емтихан өткізу қарастырылып жатыр. Сондай-ақ тесттегі тексеріс те қатаңдатылады.
НӘДІР ҚҰРЫМБАЕВ, ҚР ЖИЦДМ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әртүрлі қолданысқа жатпайтын әртүрлі техникалық құралдарды кіргізуі мүмкін. Құллаққаптар, жасырын камералар және т.б. Сондай анықталған кезде емтихан кезінде онда 1 жылға дейін шектеу қойылады.
Жаңа шаралар жүргізуші куәлігін алу процесін ашық әрі заманауи деңгейге көтеруге бағытталған. Жасанды интеллект пен цифрлық бақылау жүйелері адами факторды азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.