«Режиссер Ерсайын Әбдірахманов» монографиясының тұсауы кесілді

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2026

Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында анимациялық және деректі кино режиссері, суретші, педагог Ерсайын Әбдірахмановтың 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Мерейтойға оның жары, туыстары мен достары, сондай-ақ студенттер қатысты. Кеш барысында режиссердің шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оның өмір жолы мен өнердегі еңбегі айтылды. Шара аясында Ерсайын Әбдірахмановтың фильмдері көрсетілді. Сонымен қатар «Режиссер Ерсайын Әбдірахманов» монографиясының тұсауы кесілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас буынға режиссердің шығармашылық мұрасын насихаттауға көмектеседі.

МАДИНА БАКИЕВА, КИНО ЖӘНЕ ТЕЛЕВИЗИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:

Бұл тек қана кино және телевизия факультетінің студенттеріне ғана емес, сонымен қатар академия студенттеріне Ерсайн Абдрахмановтың қалдырған мұрасы, ол кісінің қаншалықты еңбекқор адам болғанын таныту міндетті түрде. Осы жалпы біздің факультетте 450 студентіміз бар. Магистрант, докторанттың барлығы осы бүгінгі іс-шараға қатысады.